Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі ЖЭО-да келесі жылы тағы апат болуы мүмкін

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Үкімет отырысында айтқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддердегі ЖЭО-да келесі жылы тағы апат болуы мүмкін
Фото:
редакция мұрағатынан

Даниал Ахметов Премьер-Министр Әлихан Смайыловтан Риддер ЖЭО-ны монополиясыздандыру мәселесін қарауды сұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Риддер қаласындағы жылу-электр орталығындағы апатқа байланысты жергілікті ауқымдағы, техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен жедел штаб қысқа мерзімде стансаның негізгі және қосалқы жабдығын жөндеу бағытында шара қабылдады. Көмір және мазут жеткізу жұмыстары тұрақты негізде ұйымдастырылды. Қазіргі таңда стансада 3,2 мың тонна көмір бар. 3,7 мың тонна көмір жолда келе жатыр. Алайда жылу-электр орталығын дұрыс пайдаланбау және станса басшылығының жұмысына салғырт қарауы салдарынан тек төтенше жағдай кезінде ғана қазандық агреттары 74 рет тоқтап, оның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан да апаттар тіркелді, - деді ол Үкімет отырысында.

Әкімнің мәліметі бойынша, жағдай өзгермесе, келесі қыста да биылғы апат қайталануы мүмкін.

Кәсіпорынның кредиторлық берешегі 3 млрд теңгеден асады. Станса иелерінің қалыптасқан жағдайды реттеу және қарызды жабу туралы нақты жоспары жоқ. Қазіргі таңда әкімдік Риддер жылу-электр орталығының кредиторларымен бірге 2,7 млрд теңге сот шараларын бастады. Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігі, кредиторлық берешектің болуы келесі жылыту маусымына да қауіп төндіреді. Қаланы жылумен қамтамасыз етуде күрделі жағдай туындап, тағы да техногендік апатқа әкелуі мүмкін. Осыған орай, құрметті Әлихан Асханұлы Риддер жылу-электр орталығын монополиясыздандыру мәселесін қарауыңызды сұраймын, - деді Дариал Ахметов.

Следующая →