Өскеменде жанармай қоры жеткілікті
Өскемендегі кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу, шектеулер қоймау туралы ескертілді
Қалалық кәсіпкерлік бөлімі жанармай құю бекеттерінің иелерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қалалық кәсіпкерлік бөлімі жанармай бағасының негізсіз өсуін болдырмау сұрақтарын көтерді.
Кеңеске Табиғи монополияларды реттеу бойынша комитетінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігінің өкілдері қатысты.
Кәсіпкерлерге жанармайға шекті бағаны сақтау, сонымен қатар сату барысында шектеулерді болдырмау туралы түсіндірілді. Қаланың жанармай станцияларының нақты мәліметтері бойынша мұнай өнімдеренің қажетті қоры толық бар, - делінген Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі таратқан ақпаратта.