ШҚО-дағы мотоатқыштар батальонында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті
ҚР Қарулы Күштеріне қарасты барлық құрылымда бекітілген жоспарға сәйкес батальон тактикалық оқу-жаттығуы өткізіліп жатыр
Мұндай әскери жаттығулар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінде де өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
Оның мақсаты - жауынгерлік жағдайға барынша жақындата отырып бөлімшелердің далалық дағдысы мен үйлесімділігін жетілдіру. Батальондық тактикалық топтармен оқу-жаттығудың басында әскери бөлімдер мен бөлімшелер дабыл бойынша көтеріліп, жауынгерлік мақсаттағы ауданға штаттық техникамен марш жасады. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жергілікті жерге орнығуды және далалық жағдайларда жұмыс орындарын өрістетуді пысықтады. Одан кейін батальон құрамында жауынгерлік оқ атуларды орындауға кірісті.
Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, 27943 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын жетілдіру мақсатында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Біз жеке құрамның жауынгерлік жағдайдағы далалық дағдысы, бекітілген орынға уақытылы жиналуын тексердік, - деді 27943 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Марат Бралинов.
Оқу-жаттығуға 200 ден астам әскери қызметші және 50-ге жуық әскери техника мен қару-жарақ тартылған.
Мұндай оқу-жаттығуының біз үшін берері көп. Себебі жеке құрам кез келген жағдайға дайын, жауынгерлік тапсырмаларды сенімді орындап, сергек болуы тиіс, - деген пікріде кіші сержант Болат Мирас.
Оқу-жаттығу жиыны нәтижесінде өздерінің жоғары кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, ерекше көзге түскендер алғыс хаттармен марапатталды.