Қазақстанда алдағы күндері 30 градусқа дейін ыстық күтіледі
Синоптиктер 11-13 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады
Кей жерлерде қатты жауын-шашын жауса, кей өңірде күн суытады, ал кей аймақта ыстық болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидрометтің" мәліметіне сүйенсек, ауа райы болжамына сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - 11 сәуірде, 12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Республиканың солтүстік жартысында Скандинавия аймақтарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруі әсерінен ауа температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі.
Алайда күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, 13 сәуірде термометрлер республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа, оңтүстікте 17-30 градусқа дейін жетеді. Республикада тұман, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда құмды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстік жартысында көктайғақ болады, - делінген хабарламада.