ШҚО-да кәсіпкерлерді заңсыз тексерген 7 қызметкер жауапқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысында құзырлы органдар тарапынан кәсіпкерлерді заңсыз тексеру тыйылмай тұр
Жыл басынан бері осындай 22 дерек анықталып, қызметін асыра пайдаланған 7 лауазымды қызметкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Кәсіпкерлердің құқын қорғау үшін облыстағы барлық қала мен аудандарда мобильді топтар мен "сенім телефондары" тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Қадағалау қызметін цифрландыруды кеңейту үшін облыс прокуратурасының сайтында қажетті анықтамалық та бар.
Жалпы дер кезінде қолға аланған шаралардың нәтижесінде, 2022 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап, бүгінге дейін 213 кәсіпкерге 160 млн теңгеден астам берешек өтелді.