Өскеменде әскери борышын өтеуге шақырылғандарды салтанатпен шығарып салды
ШҚО-да жыл сайын ҚР Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде "Әскерге шақырылғандар күні" өткізіледі
Биыл да Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде теңіз жаяу әскері сапында Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздарға құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ондағы мақсат - жастардың отансүйгіштік қасиетін ояту, әскери өмірмен таныстыру. Биылғы акцияға Отан алдындағы борышын өтеушілер ғана емес, Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10-11-сынып оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері және әскери-техникалық кәсіптік колледж студентері, ҚР әскери қызмет ардагерлері, соғыс ардагерлері, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, сарбаздардың ата-аналары қатысты. Айта кетейік жас сарбаздарды арнайы комиссия психилогиялық, медициналық тексерістен өткізгеннен кейін, олар әскер қатарына алынып отыр.
Отан алдындағы борышын өтеуге келген жігіттерді арнайы комиссия тексереді. Соның нәтижесіне қарай олар әскерге жіберіледі. Барлығы 700-ге жуық азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Бүгінгі күннің өзінде 5 команда шақырылды және 10-сәуірге дейін аттанатын 2 команда бар. Олардың барлығы психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өткен, - деді ШҚО Әскери істер департаментінің бастығы Қайырбек Қайырханов.