Өскемен
Бұлтты
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Семей
    -23°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -13°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Ақтау
    -5°
  • Атырау
    -12°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +10°
  • Павлодар
    -20°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +5°
  • Түркістан
    +12°
  • Орал
    -21°
  • Шымкент
    +11°
$
503.44
-1.73
593.35
-6.19
¥
72.57
-0.19
6.55
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "некеге дейінгі кеңес беру курстары" құрылуы мүмкін

Бұл отау құруға ниеттенген жастарға жанұя болудың қыр-сырын түсіндіріп, отбасының құндылығын ұқтыратын тегін курстар болмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "некеге дейінгі кеңес беру курстары" құрылуы мүмкін
Фото:
ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов ШҚО журналистерімен өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE. Оның айтуынша, "некеге дейінгі консультация беру курсының" пилоттық режимі іске қосылуы мүмкін.

Бағдарламаның мәні мынада: АХАЖ-ға өтініш берген жастардың тегін, ерікті курстан өтуге және "Бақытты отбасы" мағынасы нені білдіретінін жеткізгіміз келеді, - дейді Евгений Кочетов. - Біз бұл жұмысты жазда бастаймыз. Енді біз оны іске асыратын ықтимал аймақтарды қарастырамыз. Бұл Өскемен қаласы болуы мүмкін.

Жоба "БҰҰ-Әйелдер" ұйымымен бірлесіп іске аспақ.

Сонымен қатар, брифинг барысында спикер NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатына жүйелі мониторинг тұрақты негізде ұйымдастырылатынын айтты.

Жұмыссыз жастарды анықтау Еңбек министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен бірлесіп жүргізіп жатқан "отбасының цифрлық картасы" аясында жүргізілуде. Сондай-ақ, біздің министрлік қалалар мен облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп аулаларды аралайтын болады. Осы аралау аясында біз бұл адамның шынымен NEET жастар санатына жататынын анықтаймыз және осыған сүйене отырып, атаулы жұмыс жасаймыз, - деп түсіндірді вице-министр.

Бұл ретте, Евгений Кочетов ШҚО-да уақытша жұмыспен қамтылмаған жастардың деңгейі төмен екенін атап өтті.

Следующая →