Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Депутаттар ШҚО мәслихатының төрағасын сайлады

Бұл лауазымға осыған дейін мәслихат хатшысы қызметін атқарған Денис Рыпаков тағайындалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Депутаттар ШҚО мәслихатының төрағасын сайлады
Фото:
Аймақтық коммуникация қызметінен

Шығыс Қазақстанда VIII шақырылымдағы облыстық мәслихаттың I сессиясы өтті. Отырыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының өткен сайлауының қорытындылары талқыланып, тұрақты комиссиялардың мүшелері анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев жаңадан сайланған депутаттарға куәліктерін тапсырып, табыс тіледі.

Оның айтуынша, облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы 62%-ға жаңарды. 32 депутаттың 12-сі өткен шақырылымдардың депутаттары, үштен бір бөлігі (10) әйелдер. Барлық депутаттардың жоғары білімі бар.

Мен жаңартылған депутаттық құрам біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуы мен өркендеу жоспарларын іске асыруда жаңашыл тәсілдерді қолдып, алдыңғы депутаттар белгілеген үздік дәстүрлерді үйлестіре отырып жұмыс істейтініне сенімдімін. Бұл ретте, қоғамдық жағдай, азаматтық қоғам Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформалары бойынша елеулі трансформациядан өтіп жатыр, адамдардың ұмтылыстары мен көңіл-күйлері де өзгеруде. Сондықтан өз сайлаушыларымен жиі кездесіп, содан кейін облыстық мәслихат сессиялары аясында осы маңызды мәселелерді талқылау қажет, - деді жаңадан сайланған депутаттарды қарсы алған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, ол ұлтаралық келісімді, халықтардың ынтымақтастығын және біртұтас қазақстандық қоғамды сақтау басты міндет болып қала беретінін атап өтті.

Одан әрі сессия жұмысы барысында облыстық мәслихаттың төрағасы сайланды. Бұл лауазымға бұрын мәслихат хатшысы қызметін атқарған Денис Рыпаков тағайындалды. Депутаттар Денис Сергеевичтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Следующая →