Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өрт көбінесе электр аспаптарын дұрыс пайдаланбаудан шығады?

ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өрт көбінесе электр аспаптарын дұрыс пайдаланбаудан шығады?
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Жыл басынан бері өңірде тұрғын үй секторында адамдардың салғырттығы салдарынан 19 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД мамандары ұсынған ақпаратқа сүйенсек, үш ай ішінде электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себебінен тұрғын үй секторында 19 өрт және электр жабдықтарын тиісінше пайдаланбау салдарынан 26 өрт тіркелген.

Статистика бойынша ең қауіптісі - ұзартқыштар мен "фильтр". Оларға халық бірден бірнеше электр аспаптарын және ұзақ уақыт бойы қосады, бұл қауіпті.

ШҚО ТЖД тұрғындарға мынаны еске салады:

 
- ақауы бар электр жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады;
- қорғаныш қасиеттері зақымдалған немесе жоғалған оқшаулағышы бар сымдар мен кабельдерді қолдануға болмайды;
- оқшауланбаған электр сымдарын, кабельдерді және пайдаланылмаған электр желілерін кернеуде қалдырмаңыз;
- зақымдалған электр өнімдерін пайдаланбаңыз;
- электр сымдары мен кабельдерді байлап, бұрауға болмайды;
- нормативтік құжаттармен қадағалаусыз пайдалануға рұқсат етілетін аспаптарды қоспағанда (тоңазытқыштар, факстар, модемдер және басқа да осындай жабдықтар) электр желісіне қосылған жылыту аспаптарын, электр плиталарын, теледидарларды және басқа да аспаптар мен жабдықтарды қараусыз қалдырмаңыз.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт