Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның басты әскери тәрбиешісі тағайындалды

Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Атабек Салихбаев Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның басты әскери тәрбиешісі тағайындалды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдегендей, полковник Атабек Қуандықұлы взвод командирінен бастап "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасы бастығы лауазымына дейінгі барлық әскери қызметтерді өткен, сонымен қатар ҰҰ Әскери академиясының тәрбие жұмысын басқарған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.


Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның басты әскери тәрбиешісін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамына таныстыру үшін ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы – полковник Қайрат Үмбетов арнайы келді.

 
Кайрат Жарылғасынұлы бұған дейін лауазымдық міндетті атқарған полковник Берік Тоқтаровты қызметтегі жоғары кәсібилігі мен артылған сенімді ақтағаны үшін алғысын білдіріп, тағайындалған офицерлерге жаңа қызметтік орында сәттілік тіледі.


Следующая →