Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО дәрігерлері жас жігіттің аяғын кесуден сақтап қалды

Шығыс Қазақстанда дәрігерлер жаңа технологияны қолдана отырып 18 жастағы жігіттің аяғына ота жасады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО дәрігерлері жас жігіттің аяғын кесуден сақтап қалды
Фото:
ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметінен

Бірнеше жерден жарақат алған жас жігіттің өмірін арашалап қалу үшін травматолог-хирургтар облыста алғаш рет Қазақстан үшін сирек кездесетін Masquelet әдістемесін қолданды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Былтыр тамыз айында шемонаихалық Ярослав Пятков мотоциклге ие бола алмай, жол апатына түсіп, жамбасын бірнеше жерден сындырып алған. Жамбастың ашық сынығына алдымен облыстық балалар ауруханасында операция жасайды. Алайда біраз уақыттан кейін жара асқынып, іріңдеп кеткесін науқас облыстық ауруханаға жеткізіледі. Қайта ота жасалғанымен науқастың жағдайы жақсармайды. Ашық сынықтардың күрделі және қауіпті асқынуы өрши береді.

Халықаралық Травматология және ортопедия ғылыми орталығындағы әріптестер бізге емдеу үшін әлемдік ортопедиялық практикада кең таралған, бірақ Қазақстан үшін сирек кездесетін Masquelet әдістемесін қолдануды ұсынды. Орталықтың директоры Еркін Жүнісов операцияны жүргізуге көмектесу үшін Алматыдан өзі арнайы келді, - дейді облыстық аурухананың ортопедия бөлімінің меңгерушісі Думан Бакербеков.

Меңгерушінің түсіндіргеніндей, бұл әдістеме екі кезеңнен тұрады екен.

Бірінші кезеңде біз сүйектің некроздан зардап шеккен тұсын алып тастадық. Оның орнына антибиотикпен араластырылған цемент импланты уақытша орнатылды, антибиотик жараның қабынуын тоқтатады. Алты аптадан кейін оның орнына сүйек имплантын орнатамыз, - деп толықтырды дәрігер.

Бірінші кезең сәтті өтті. Бірнеше күннен кейін жараның қабынуы басылып, біте бастады. Науқас жағдайының жақсарғанын айтуда.


Пациент Ярослав Пятков дәрігерлерге шексіз риза екенін айтады. Сондай-ақ, ол бұл медициналық көмекті МӘМС аясында тегін алғанын атап өтті.

Әрине, ауруханада маған жақсы қарайды, барлық қызметкерлер мейірімді. Үнемі қамқорлық танытып, қолдау көрсетеді. Бірақ мен үйге қайтқым келеді, туыстарымды, достарымды сағындым. Тезірек колледжге оралсам деймін, қазір қашықтан оқимын. Соңғы отадан кейін мен өзімді бірден жақсы сезіндім, ауырсыну азайды, ірің жоқ. Мен сынған сүйектерімнің тезірек жетіліп, біткенін, сосын белсенді өмірге оралуды асыға күтемін, - деді жас жігіт.

Следующая →