Бір жарым жасар бала көлікте қамалып қалған
Кеше Өскемен қаласында абайсызда кішкентай бала көлік ішінде қамалып қалған
Ата-анасы есікті өздері аша алмай, құтқарушыларды шақыртқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Кеше Буров көшесінде тұрған көліктің есігі абайсызда жабылып ішінде кішкентай бала қалып кеткен. Ата-анасы жылдам әрекет етіп үлгермеген. Құлыпталып қалған есікті өздері аша алмағандықтан құтқарушыларды шақыртқан. Мамандар арнайы құралдардың көмегімен ашты.
ТЖ қызметінің мамандары атап өткендей, бір жарым жастағы бала құтқару операциясын жүргізу кезінде үрейге бой алдырмай, тыныш отырған.
ШҚО ТЖД ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Қырағылық танытып, балаларды әсіресе автомобиль салонында бір минутқа да қараусыз қалдырмаған жөн екенін ескертті.