Ертең Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Сенбі күні облыс орталығы тұрғындарына Глубокое ауданының тұрғындары өз өнімдерін арзан бағада ұсынатын болады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі ақпаратына сүйеніп.
25 наурызда, сенбі күні "Fresh Market" сауда-логистикалық орталығының аумағында Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындарының сертификатталған және сапалы тауарларды төмен бағамен тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15%-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.
Жәрмеңкені өткізу уақыты сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін.