Жарма ауданында 3 адамға иіс тиді
Жарма ауданындағы екі ересек адам мен бір балаға иіс тиіп қалған
23 наурызда сағат 12.59-да "101" пультіне Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе ауылында 2 ересек адам мен 1 баланың газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сүйеніп.
Жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті (тазартылмаған түтін мұржасы) пайдалану ережесін бұзғандықтан 1968 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың ауыр дәрежедегаздан уланғаны және Жарма ауданының орталық аудандық ауруханасының реанимация бөлімшесіне жатқызылғаны анықталды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 1962 жылы туған әйел орта дәрежеде газбдан уланған, дәрігерлердің тексеруінен кейін Жарма ауданының ОАА қабылдау бөлмесіне жатқызылды.