Өскемен мен Риддерде ауа сапасы нашарлайды

ШҚО Экология департаменті 2-ші дәрежелі ескерту жариялады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен мен Риддерде ауа сапасы нашарлайды
Фото:
редакция мұрағатынан

ШҚО Экология департаменті Өскемен және Риддер қаласы бойынша ертең түнгі 21.00-ге дейін ҚМЖ сақталатынын ескертті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

20 наурыз сағат 21.00-ден 21 наурыз сағат 21.00-ге дейін Өскемен және Риддер қалалары бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады, - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Следующая →