Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде алғашқы үшем дүниеге келді

Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығында биылғы алғашқы үшем – үш қыз дүниеге келді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде алғашқы үшем дүниеге келді
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

Перзентхана дәрігерлері соңғы рет үшем үш жыл бұрын туылғанын айтады. Өйткені үш немесе одан да көп нәрестенің бір сәтте өмір есігін ашуы тек қала емес, облыста сирек кездесетін жағдай.

Сондықтан да апалы-сіңлілі Алена, Маруся, Маринаның өмірге келуі ата-анасы үшін ғана емес, перзентхана үшін қуаныш. Қыздардың анасы Екатерина жүктіліктің 34-ші аптасында перзентханаға жеткізілді. Балаларды кесарь тілігі арқылы алу туралы шешім қабылданды. Қыздардың салмағы 1900, 1846 және 1436 грам болып жарық дүниеге келді. Шала туған шақалақтар жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылып, жағдайлары жақсарғанша CiPaP респираторымен тыныс алып жатты. Кейін жаңа туған нәрестелерді кувезде жетілдіру үшін патология бөліміне ауыстырылды. Ауруханадан шығарылған уақытта нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық болды, салмақ жақсы қосуда, - деді дәрігерлер.

Жалпы ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айында ШҚО-да 1 499 бала туылды.



Следующая →