Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Өскемендегі қай көшелерге жарық тартылады?

Қаланы жарықтандыру жобасының екінші кезеңі бойынша қала көшелері мен қалаға кіреберістегі төрт жолда 17 ірі жарықтандыру магистралі жасалады

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл Өскемендегі қай көшелерге жарық тартылады?
Фото:
редакция мұрағатынан

Былтыр қала көшелерін жарықтандыруды жаңғырту жобасы бойынша 420-дан астам көшеде жаңа жарықдиодты шамдар орнатылды, 12 800-ден астам шам монтаждалды.

Енді жобаның екінші кезеңі бойынша қала көшелері мен қалаға кіреберістегі төрт жолда 17 ірі жарықтандыру магистралі жасалады.

ШҚО әкімдігі, Өскемен әкімдігі, МЖӘ өңірлік орталығы және ЕҚДБ жұмыстарды іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Жұмыстар келесі жылы орындалады деп жоспарланған.

Атап айтқанда:

  • Әуезов даңғылын жарықтандыруды күшейту - 120 жарық нүктесі;
  • Сәтбаев даңғылынан Болатов емханасына дейінгі жол - 31 жарық нүктесі;
  • Жеңіс және Әуезов даңғылдарының арасындағы Крылов көшесінің учаскесі - 39 жарық нүктесі;
  • Шәкәрім даңғылында (Абай даңғылынан Белинский көшесіне дейін) жарықтандыруды күшейту - 86 жарық нүктесі;
  • Согра көшесінің бойындағы технологиялық жол - 123 жарық нүктесі;
  • Защитадан Гаваньға дейінгі айналма жол – 146 жарық нүктесі;
  • Соградан Радуга кентіне дейінгі жол - 120 жарық нүктесі;
  • Алматы тас жолынан Тоғас көшесіне дейінгі жол – 380 жарық нүктесі;
  • Сәтбаев даңғылы мен Джек Лондон көшесі арасындағы Самар тас жолының учаскесі - 152 жарық нүктесі;
  • Славский жағалауындағы саябақ шамдарын ауыстыру - 341 жарық нүктесі;
  • Протозанов жағалауындағы саябақ шамдарын ауыстыру - 350 жарық нүктесі;
  • Нұрлы Жол саябағындағы саябақ шамдарын ауыстыру - 250 жарық нүктесі;
  • Семейге қарай шығатын жолды жарықтандыру – 113 жарық нүктесі;
  • Риддерге қарай шығатын жолды жарықтандыру - 60 жарық нүктесі;
  • Үлбі тауына қарай шығатын жолды жарықтандыру - 110 жарық нүктесі;
  • Алтай ауданына қарай шығатын жолды жарықтандыру - 135 жарық нүктесі.

Осылайша, жоба жаңадан 2600 жарық шамын, 1890 тірек және 63 шақырымнан астам кабельдік желі орнатуды қамтиды.

Следующая →