Өскемендегі 10 көшеге жарық тартылады
Бұл көшелерді өскемендіктердің өздері таңдап алды
Биыл қала әкімдігі халық қатысатын бюджет аясында қаланың түрлі аудандарындағы 10 учаскеде көше жарығын орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Бұл көшелер өскемендіктердің өздері белгілеп, дауыс берген орындар.
Сонымен қатар, білім беру мекемелері орналасқан аудандарды жарықтандыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Осы жылы төрт мектептің жанында монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Бұл №39, 34, 42 мектептер және облыстық мамандандырылған IT-мектебі.
Қазір мердігерді анықтау үшін конкурстық процедуралар басталған. Мектептердің жанында қуаттылығы 40Вт болатын 74 жарықдиодты шамдар орнатылады. Сондай-ақ, бұл жұмыстардың ішінде екі шақырымнан астам кабель желілерін тарту да қарастырылған.