Өскеменде су басуы мүмкін 11 учаске бар
Қалада қар еру кезеңіне дайындық жұмыстары 10 наурызға дейін аяқталады деп жоспарланған
Қаламызда соңғы бес жыл бойы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша іс-шаралардың реттелген бағдарламасы іске асырылып келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE Өскемен қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.
Қауіпті учаскелердегі жұмыс күзде басталып, ақпан-наурыз айларында қайта жалғасады.
Биыл қар еру кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр, бұл жұмыстар 10 наурызға дейін аяқталады. Қалада барлығы 11 қауіпті учаске бар, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Осы қыста жауын-шашынның жоғары деңгейіне қарамастан, олардың бесеуінде қауіп-қатер толығымен жойылды. Алты учаскеде тәуекелдер азайтылып, тәулік бойы бақылау жүргізіліп отыр.
Шаһар басшысы атап өткендей, еріген қар суын бұру үшін Красин кентінде ұзындығы 350 метр болатын арық, ал 28-ші тұрғын ауданының шекарасы бойынан ұзындығы 550 метрге жететін арық қазылды.
Сондай-ақ, Соградағы Маховка өзенінің арнасында ұзындығы 850 метр учаскеде жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді.