ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін
Өңірде жауын-шашын болып, желдің күшеюіне байланысты алдағы үш күнде қар көшкіні жүруі мүмкін
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға – жауын-шашынның түсуіне, желдің күшеюіне және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты, 3-6 наурыз аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар.
ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартқан жөн екенін ескертеді.
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса, ұялы телефоннан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін "112" бірыңғай нөміріне хабарласу қажет.