Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 4 жаңа мәдениет нысаны бой көтерді

Әр ауданда салынған мәдени нысандарға 1 млрд 802 млн теңге жұмсалған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 4 жаңа  мәдениет нысаны бой көтерді

Глубокое ауданында Абай атындағы 300 орындық мәдениет үйі, Ұлан ауданының Бестерек ауылында облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы, Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылында 150 орындық мәдениет үйі, Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында 80 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сонымен қатар, ескірген 6 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ШҚО мәдениет басқармасының мәліметіне сүйенсек, жалпы облыста 169 клубтық мекеме, 170 кітапхана, 6 музей, 1 театр жұмыс істейді. Сондай-ақ, аймақта 321 ескерткіш бар, оның 8-і республикалық, 313-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер қатарында.

Басқарма басшысы Нұрболат Ахметжанов өңірде археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын іске асыру жалғасып жатқанын айтады.

Ағымдағы жылы қазба жұмыстары қола дәуірінен ерте сақ дәуіріне дейінгі өтпелі кезеңдегі қоныс Ақбауырда, ежелгі түркі уақытын қамтитын Елеке сазында, Күршім ауданындағы Ақжайлау қонысында, Берелде үлкен жұмыстар жүруде. Бұл Жобаларға Қазақстанның белді археологтары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев жетекшілік етуде, - дейді Нұрболат Ахметжанов.

Облыста 2018 жылдан бері қолға алынған игі бастаманың бірі - Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған «Абай әлемі» кітаптар сериясымен әдеби жоба жүзеге асырылуда. Мақсаты – өңірдегі ақын-жазушылардың бай мұрасын кеңінен насихаттау. Көптеген дүние бұрын еш жерде жарық көрмеген. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің шығармалары кеңінен дәріптелуде. Сонымен қатар жас ақын-жазушылардың еңбектері де жарыққа шығуда. 2018-2022 жылдар аралығында таралымы 53 мың данаға жуық, 69 кітап шықты. Ағымдағы жылы 6,5 мың дана таратылыммен 13 кітап оқырманға жол тартпақ. Ал өңірдегі оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру үшін биыл облыстағы кітапханалар 5431 жаңа кітаптармен толықты. Жалпы аймақта барлығы 170 кітапхана жұмыс істейді, кітап қоры 3 миллион дананы құрайды.

2023 жылы жергілікті авторлардың, оның ішінде жас ақындар мен жазушылардың шығармаларын басып шығаруды көздейтін «Абай әлемі» кітап сериясы» әдеби жобасы жалғастырылады. Осылайша, облыс кітапханаларының қорлары толықтырылады, - дейді Нұрболат Қадырұлы.

Жалпы мәдениет басқармасының 2023 жылға арналған бюджеті 5,8 млрд теңгені құрайды.





Следующая →