ШҚО-да өртте қаза тапқандар саны 27,2%-ға артқан
Жылыту кезеңі басталғаннан бері өңірде 11 адам тілсіз жаудың құрбаны болған
ТЖД мамандарының мәліметінше, тұрғын үй секторында өрт шығуы 11,1%-ға төмендегенімен, тілсіз жаудың салдарынан адам өлімі 27,2%-ға артып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қаза тапқандардың дені алкоголь өнімдерін асыра пайдаланғандары белгілі болды. Бұл туралы ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов айтты.
Жекеменшік тұрғын үйлерде өрттің шығуына көбінесе қауіпсіздік шараларына деген немқұрайлық себеп. Мәселен, жыл басынан бері бұзылған пешті пайдалану салдарынан бір адамға иіс тиіп көз жұмған, - дейді Нұржан Өміржанов.