Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР-дағы 255 елді мекенді су басу қаупі бар

Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болуы мүмкін

Новости Казахстана / ҚР-дағы 255 елді мекенді су басу қаупі бар

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Министрдің Үкімет отырысындағы сөзіне сүйенсек, су тасқыны болса, су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін. Былайша айтқанда 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азаматқа қауіп төнуі мүмкін.

Оңтүстік аймақтарда қар еруінің басталуына санаулы күн қалды. Қазір барлық күш-жігер алдын алу шаралары мен су тасқынына дайындыққа бағытталған. Биылғы екі айда 15,1 шақырым уақытша бөген салынды, 24 шақырымға жуығы жөнделді, 16 шақырымнан астам уақытша бөген, сондай-ақ елді мекендердің айналасында 41 шақырым білік тұрғызылды, - деді Юрий Ильин.

Сонымен бірге 5 мың шақырымға жуық каналдар мен арықтар, автомобильдер және темір жолдар астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды.

Халықпен 2 мыңнан астам жиын өткізілді, 55 мыңнан астам ұсыным таратылған.

Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді. Полиция бөлімшелерімен бірлесіп, елді мекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік шаралар басталды және жүргізілуде, бұл дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту, - деді Юрий Ильин.



Следующая →