Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақ тілін үйрену үшін жазда балалар Катонқарағайға барады

Қазақ тілін үйретуді көздейтін "Қонақ отбасы" жобасы келесі жылдан бастап басқа өңірлерде де қолға алынбақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Қазақ тілін үйрену үшін жазда балалар Катонқарағайға барады
Фото:
редакция мұрағатынан

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов "Қонақ отбасы" жобасын талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі әкімдік ақпаратына сүйеніп.

Жоба аясында қала оқушылары жазғы демалыс кезінде Катонқарағай ауданына барып, тілдік ортаға толық ену арқылы қазақша сөйлеуді үйренеді.

Балаларды қабылдайтын отбасылар анықталды, - дейді Даниал Ахметов. - Мен жобаға түзетулер енгіздім. Олар білім беру бөліміне қатысты - жұмыс күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін балалар жергілікті мектепке барады, онда педагогтар оларды қазақша оқытатын болады. Әр отбасында екі бала тұрады деп көзделген. Оқу бағдарламасынан бөлек мәдени мекемелерге бару, спортпен шұғылдану, табиғатты, тарихты, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерттеу сияқты танымдық шаралар болады. Балалар имитацияланған тұрмыстық жағдайларда (дүкенге бару, шай немесе таңғы ас дайындау, ауада ойнау және т.б.) ауызекі тілді үйренеді.

Айта кеткен жөн, шығыс - осындай жобаны жүзеге асырғалы отырған алғашқы өңір. Нәтижесі оң болса, кейін оны басқа аймақтар да негізге ала алады. Келесі жылы жобаға Шығыс Қазақстанның басқа аудандарының өкілдері де қатысады деп күтілуде.



Следующая →