Түркияда тағы жер сілкінді
Түркияның шығысындағы жер сілкінісінің магнитудасы 5,2 болды
Фото:
AFP/BULENT KILIC
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жерасты дүмпуі Түркияның шығыс бөлігінде болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Устинка LIVE Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 15:04:50-де тіркелді. Ошағы Шанлыурфа қаласынан солтүстікке қарай 123 шақырым және Малатия қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте орналасқан.