Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да екі жылда 17 жаңа мектеп салынады

Өткен жылға қарағанда биыл оқушылар контингенті 2%-ға өскен

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да екі жылда 17 жаңа мектеп салынады
Фото:
depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысында 342 мектеп жұмыс істейді, онда 96 488 бала білім алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Сапалы білім беру. Білімді ұлт" ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында аймақ билігінің алдында тұрған міндеттердің бірі - оқушылардың білім сапасын жақсарту және қалалық мектеп пен ауылдық мектеп арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту.

Біздің басты назарымыз орта білім беру жүйесіне аударылады. Жалпы, бүгінгі таңда біз оң динамиканы көріп отырмыз. 2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша білім беру сапасы 63,6 құрады. Бұл 2021-2022 оқу жылының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары (62,7), - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Айта кету керек, өткен жылы білім беру инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерді.                     4 жаңа мектеп пайдалануға берілді, оның үшеуі ауылдық жерлерде орналасқан.

2025 жылға дейін салынатын 17 мектептің алтауы ауылдық жерлерде бой көтереді.

Білім беру ұйымдарында шатырларды, электр-жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жалғасуда, ағымдағы жылы 3 білім ордасына күрделі жөндеу, 24 білім мекемесіне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған, - деп толықтырды спикер.


Следующая →