Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

2025 жылға қарай ШҚО-да балабақшаларда кезек болмайды

Бүгінгі таңда 2-3 жастағы 1675 бала балабақша кезегінде тұр

Усть-Каменогорск и ВКО / 2025 жылға қарай ШҚО-да балабақшаларда кезек болмайды
Фото:
depositphotos.com

Ал Катонқарағай және Самар аудандарында орын жеткілікті, кезек күтіп тұрған бала жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Білім басқармасы ақпаратына сүйеніп.

Өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдарға кезекті жою мақсатында арнайы жоспар әзірленіп, оған сәйкес 2025 жылға дейін қосымша 2875 жаңа орын ашу жоспарлануда.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, баланың қалыптасуына ерекше әсер етеді. Сондықтан 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтуды арттыру мақсатында 2022 жылы облыста 1080 жаңа орын ашылды, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева. - Мәселен, облыста 394 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 192 шағын орталық, 202 балабақша (86 жекеменшік). Мектепке дейінгі біліммен 36,5 мыңға жуық бала қамтылған, оның ішінде 6 мыңнан астамы мектепалды сыныптарда оқиды.

Жаңа орындарды Өскемен қаласында 1280 орындық МЖӘ тетігі бойынша 5 балабақша салу, 880 орындық 5 балабақша ғимаратын нысаналы мақсатқа қайтару (оның ішінде Өскемен қаласында 4 ғимарат, Зайсан ауданында 1 ғимарат). Сондай-ақ, 415 орынға арналған 4 жеке балабақша ашу (оның ішінде Өскемен қаласында - 2, Зайсан ауданында - 1, Ұлан ауданында 1) көзделінген. Ал жұмыс істеп тұрған балабақшаларды 300 орынға кеңейту жоспарлануда. Оның ішінде Зайсан ауданында 125 орынға, Риддер қаласында, Алтай ауданында, Глубокое, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарында 25 орынға арттырмақ. Ал ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жоспарланған 2875 жаңа орынның ішінде Өскемен қаласында Челюскин көшесі, 17/1 бойынша 140 орынға балабақша және Протозанов көшесі, 139 бойынша 150 орынға жекемекшік балабақша ашылды.

Білім басқармасы басшысы ата-аналар тарапынан балабақшаларда әр түрлі қажеттіліктерге қаражат жинау мәселесі де жиі көтеретінін айтты.

"Мектепке дейінгі мемлекеттік және жеке меншік балалар ұйымдарын қаржыландыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына сәйкес оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып жүргізіледі. Қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінде ұйымды ұстауға жұмсалатын барлық шығыстар көзделген, - деп атап өтті Инесса Чернышева.

Яғни, мемлекеттік ұйымдарда материалдық-техникалық жарақтандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Сондықтан мұндай балабақшаларда ата-аналардан қаржы сұралмауы тиіс.

Ал жеке ұйымдарда қаржыландыру құрылтайшының қаражаты есебінен жүзеге асырылады және егер шартта ерікті демеушілік көмек туралы тармақ болса, онда осы мақсаттар үшін ата-аналардың қаражатын тартуға болады, - деп нақтылады спикер.


Следующая →