ШҚО-да су тасқыны болуы мүмкін
23-25 ақпан аралығында қар еріп, өзендегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болу қаупі бар
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша 23-25 ақпан аралығында жылы ауа райы сақталады, сондай-ақ қар аралас жауын жаууы мүмкін. Сол себепті ШҚО ТЖД облыстың солтүстігінде, шығысында қар еріп, жергілікті және беткейлік ағын қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мен су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді.
Азаматтар қырағылық танытып, сақтық шараларын сақтауы керек:
- үйдің аумағын және жақын арықтарды қар мен мұздан алдын ала тазарту
- сөмкелерді, құм, топырақ, сазды алдын ала дайындап, үйде үйінді жасау
- жертөлелерден өнімдерді алып шығу
- шұғыл эвакуация жағдайында қажетті заттарды дайындау;
- құжаттарды, ақшаны, бағалы қағаздарды және заттарды үнемі дайын ұстау.
Су деңгейі кенеттен және күрт көтерілген жағдайда "112" нөмірі бойынша хабарлау қажет.