Өскемендегі 20 мектепте жарылғыш зат бар деген хабар түсті
Осыған байланысты бүгін екінші ауысым оқушылары сабақты қашықтан оқуға мәжбүр
Қазіргі уақытта мектептерде арнайы қызметтер тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметі мәліметіне сүйеніп.
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Өскемен қаласының бірнеше мектептерінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарламасында. - Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері объектілерге тексеру жүргізуде. Қызметкерлер мен мектеп оқушылары эвакуацияланды. Сабырлық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Өскемен қаласы әкімдігі білім бөлімінің хабарлауынша, қаланың 20 мектебінде екінші ауысым оқушылары аталған хабарламаға байланысты қашықтықтан оқыту форматына көшті.