Алакөл жағалауында өрт сөндіру депосы салынады
Дәл осындай 4 нысан Семей мен Аягөз қалаларында да бой көтереді
Жақында Үкіметтен 40 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Қомақты қаражаттың бір бөлігі аймақтағы демалыс базаларындағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталмақ. Былтыр естеріңізде болса, шілдеде 4 ірі демалыс орны отқа оранып, 3000 шаршы метр аумақтағы ғимарат күлге айналған болатын. Кәсіпкерлер шығын көлемі 2 млрд теңгеден асып түскенін мәлімдеген.
Кешенді жоспарда Төтенше жағдайлар департаментіне 37 млрд теңге қарастырылған. Осы Қабанбай ауылында өрт сөндіру депосы салынатын болады. Тағы қосымша бір жақсы катер, қайық алып жатырмыз, - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.