Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО мектептерінде 300-ден астам пікірсайыс клубы бар

Облыстағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11-ші сынып оқушылары арасынан ұлттық пікірсайыс турнирінің республикалық кезеңіне баратындар анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО мектептерінде 300-ден астам пікірсайыс клубы бар
Фото:
ШҚО Білім басқармасынан

ШҚО Білім басқармасы дебатерлер арасында ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мекеме ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда облысымызда 4 869 дебатерді қамтитын 301 дебаттық клуб бар. Ал бұл жолғы ойынға 36 дебаттық клубтан 70-тен астам оқушы қатысты.

Турнирдің мақсаты - білім алушылардың жеке басының рухани-адамгершілік, патриоттық және азаматтық қасиеттерін, сондай-ақ шешендік шеберлік дағдыларын, сындарлы диалог пен дау жүргізу мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру, - делінген ШҚО Білім басқармасы таратқан ақпаратта. - Турнирге облыстың мектепішілік және аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздарын қамти отыра 70-тен астам қатысушыдан құралған пікірсайыс клубтарының 36 командасы қатысты.

Пікірсайыстар үш тілде өтті. Қазақ тіліндегі пікірсайыста дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының "Эрудиция" командасы; орыс тілді командалар арасынан облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейінің "Mind palace" командасы; ағылшын тілінді командалар арасынан дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының "Аlpha" командасы командасы озық ой, шешендіктерімен алға шықты.

imgonline-com-ua-Resize-q0ZDIXmSu6lZ1h.jpg

Үздік жеңімпаз мектеп пікірсайысшылары 2023 жылғы 16-17 ақпанда Астана қаласында өтетін Ұлттық пікірсайыс турнирінің республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.


Следующая →