Сарбаздар оқу-жаттығу тапсырмаларын тәжірибе жүзінде орындады
"Шағыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің сарбаздары Өскемен гарнизонының оку-жаттығу полигонында тактикалық дайындық жаттығуларының ең жоғары түріне қатысты
Барлау мақсатындағы торуылдау әскери қимылдарының барлық түрлерінде, кез келген жерде, әртүрлі метеорологиялық жағдайларда және тәуліктің кез келген уақытында қолданылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Дайындықтың бұл түрі бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі мен атыс дағдысының соңғы кезеңі саналатын тактикалық дайындықтың жоғары сатысы. Жауынгерлік атыстар барысында бөлімше командирлерінің ұрысты сауатты басқаруына, қойылған міндеттерді орындау кезіндегі бөлімшенің тактикалық дұрыс іс-қимылына, ұрыста қаруды тиімді қолдануға, сондай-ақ мамандардың бірлескен іс-қимылдар жүргізудегі біліктері мен дағдыларына баса назар аударылды.
Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында бөлімшелердің жеке құрамы оқу-жаттығу алаңына барып, тактикалық дайындық барысында нормативтерді орындау бойынша шеберліктерін шыңдайды.
Жауынгерлік атыстар кезінде сарбаздар білімдері мен дағдыларын жаңаша зерделеп, жетілдіре түсті деген ойдамын. Мұнда да адамның білімі ғана емес, бойындағы қырағылық, сабырлық, салқынқандылық сияқты қасиеттер өзіндік маңызды рөл атақарады. Алған білімді тәжірибеде қолдану бөлек эмоциялар сыйлайды, - деді батальон командирі капитан Хамит Дүйсенов.
Жаттығулардың аясында барлаушылар бөлімшелер мен топтардың шолу жасау, кенеттен жасалған шабуылға тап болғанда бөлімше құрамын отпен қамтамасыз ету, сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу сияқты тапсырмаларын тәжірибе жүзінде пысықтады.