Өскемен мен Риддер тұрғындарына далада көп жүру қауіпті
Өскемен мен Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай әлі де сақталуда

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
02 ақпан сағат 21.00-ден 03 ақпан 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.