Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласының әкімі тұрғындармен кездесу өткізеді

Бірінші кезекте шаһар басшысы 19, 20, 21, 25 және 27 шағын аудандарының тұрғындарымен жүздеспек

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен қаласының әкімі тұрғындармен кездесу өткізеді
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұндай кездесулер қала тұрғындары үшін өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қаланың барлық аудандарының тұрғындарымен жыл сайынғы кездесулер басталғаны туралы хабарлаймын. Бірінші кездесуім 19, 20, 21, 25 және 27 шағын аудандарының тұрғындарымен ұйымдастырылады. Осы аудандардың барлық тұрғындарын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға белсенді қатысуға шақырамын, - деп жазды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Кездесу 2023 жылдың 4 ақпаны, сенбі күні, сағат 11.00-де № 46 орта мектепте өтеді.

Сонымен қатар, сағат 10.00-ден бастап қалалық ведомстволар мен мекемелерден құралған кеңес беретін топтардың жұмысы ұйымдастырылады. Өз сұрақтарыңыз бойынша олардан түсініктеме алуға болады.

Кездесудің нәтижелі өтуі үшін мүмкіндігінше сұрақтарыңызды және байланыс деректеріңізді төмендегі байланыс жолдары арқылы алдын ала жолдауларыңызды сұрайды:

1) Байланыс орталығының телефоны 268-986;

2) WhatsApp мессенджерінің нөмірі + 7 705 278 96 05;

3) электрондық пошта orgotdel.uka@mail.ru.

Следующая →