Түркістан, Кентау қалаларындағы көшелерді су басты
Бүгін Түркістан облысында таудағы қар еріп, оның үстіне жауын-шашын көп түсуіне байланысты бірнеше көшені су басты

Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2 ақпанда сағат 08.00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтеріліп, нәтижесінде Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аула аумақтары мен көшелер су астында қалды, - делінген хабарламада.
ТЖД күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында және жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар жүргізілуде.
50-ден астам құтқарушы жұмылдырылған, 10 бірлік техника және 20 мотопомпа пайдаланылуда.
Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, су үйлерді басқан жоқ, тек аулаларға жайылған. Жергілікті атқарушы органдар және ТЖД жеке құрамының күштері мотопомпалармен су сору, суды қауіпсіз аймаққа айдау жұмыстарын жүргізуде, - деді Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.