ШҚО-да тасқынға қарсы жоғары дайындық режимі жарияланды
ШҚО әкімінің бұйрығымен бүгіннен бастап су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді
Енді өңірдегі су айдындарында күнделікті мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 160 000 текше метрден астам қар шығарды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Су тасқыны қаупі төнген кезеңде облыста жедел ден қою үшін жеке құрамның 1719 адамы дайын. Одан өзге, 224 мотопомпа, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 83 жүзу құралы, сондай-ақ 750-ден астам техника топтастырылған. 29 000 дана қап, 1,9 мың тонна инертті материал және 226 тонна ЖЖМ дайындалды. Ықтимал ТЖ жағдайында эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін қалалар мен аудандардың әкімдері жалпы сыйымдылығы 6500 адамнан асатын 68 уақытша орналастыру пунктін дайындады.
Шығыс Қазақстанда 71 елді мекенде су тасқыны қаупі бар, оның 15-інде қауіп толығымен жойылып, 46-сында қауіп азайтылды.
ШҚО ТЖ Департаментінің дағдарыс орталығында тәулік бойы жұмыс істейтін су тасқыны кезеңінен өту жағдайына мониторинг жүргізу бойынша штаб құрылды.
ШҚО ТЖД тұрғындарға көктемгі кезеңге дайындалуды ұсынады:
- аула аумағын қардан, арықтарды қоқыс пен мұздан тазарту
- мүмкіндігінше үйінді жасау үшін қаптар мен импровизацияланған инертті материалдардың дайындау
- барлық құнды заттар мен өнімдерді жертөлелерден және су басқан жерлерден алып тастау
Төтенше жағдай кезінде 101 және 112 телефондары арқылы хабарлау қажеттігін еске саламыз.