Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 181 рет өрт оқиғасы тіркелген

Өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға аз болғанымен, биыл адам өлімі көбірек болған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 181 рет өрт оқиғасы тіркелген

Яғни, күз-қысқы жылыту кезеңінде 7 адам көз жұмған. Бұл қайғылы жағдайлардың көбіне алкогольді ішімдік себеп. Бұл туралы ШҚО ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ал көміртегі тотығына уланғандар саны 37%-ға өсті. Көбінесе оқыс жағдайлар түнгі ұйқы кезінде орын алады.

Айта кету керек, өрт көбінесе жеке тұрғын үйлерде болады, бұл өрттердің жалпы санының 44% - 8 құрайды (81 жағдай), одан әрі аула және шаруашылық құрылыстарында 22% (41 жағдай), сондай-ақ өткен жылыту маусымымен салыстырғанда өрттердің 18%-ға өсуі байқалатын саяжайлар да алаңдаушылық туғызады (2020-2023 ж.ж. – 13 жағдай; 2021-2022-11 жағдай). Бұл адамдардың көпшілігінің жазғы саяжайларды өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарын сақтамай, қыста тұру үшін пайдалануына байланысты. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлерде (61%-ға) және моншаларда (25%-ға) өрт саны айтарлықтай азайды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Жылыту кезеңінің басынан бастап "Казцинк" ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне 2476 датчик орнатылды. Үш жылдың ішінде осы дабылқаққыштар 8 рет іске қосылып, нәтижесінже 32 адам, оның ішінде 22 бала дер кезінде құтқарылды.

Следующая →