Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бибісара Асаубаева сенсация жасады

Мәскеуде "Шахмат жұлдыздары" атты халықаралық турнир өтіп жатыр

Новости спорта / Бибісара Асаубаева сенсация жасады
Фото:
Спортты дамыту дирекциясынан

Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Сергей Карякин әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.

Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Ол өзінің салқынқандылығымен Сергейдің мықты қорғанысына төтеп беріп, жеңіске жетті.

Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер де мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді.

Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым, - деп айтты Карякин ойыннан кейін.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.

Бір қызығы, қазақстандық гроссмейстер турнирге қатысатынын жарыс басталардан екі күн бұрын білген. Бибисара әлем чемпионы Владимир Крамниктің орнын басқан.

Рапид бәсекесі 24-26 қаңтарда өтті. Енді блиц түрінде (28 және 30 қаңтар) Бибисара Асаубаева әлі де өз шеберлігін көрсетеді деп сенеміз.

Следующая →