Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да салмағы 6 келі нәресте дүниеге келді

Облыстық ана мен бала орталығында салмағы алты келі, бойы 56 саниметр алып нәресте дүниеге келді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да салмағы 6 келі нәресте дүниеге келді

Жаңа туған бөпенің анасы Нәзигүл Мұратхан Күршім ауданы Сарыөлең ауылының тұрғыны. Нәресте отбасындағы алтыншы бала, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бөбектің салмағы қалыпты нормадан артық болғанына қарамастан анасы оны уақытында және ешқандай медициналық араласусыз дүниеге әкелді. Қазір бақытты ана мен сәби перзентханадан шығуға дайындалып жатыр. Оларды үйде отбасы мүшелері асыға күтуде, - дейді орталықтың акушерлік және гинекология бөлімшесінің басшысы Серікбол Куркумбаев.

Бөлімше басшысының айтуынша, іштегі шарананың салмағы төрт келіден артық болса, ондай аналар міндетті түрде осы акушерлік және гинекология бөлімшесінде босанады. Айта кету керек, орталықтың дәрігерлері үшін салмағы бес келіден асатын нәрестелер таңсық емес екен. Өткен жылы осы блокта 951 нәресте өмір есігін ашыпты. Олардың ішінде салмағы бес келіден асқан он алты нәресте бар.

Былтыр ана мен бала орталығында барлығы 7 994 нәресте дүниеге келді. Орталық босандырудың үшінші деңгейлі қызметін көрсететіндіктен, өңір бойынша патологиясы бар барлық болашақ аналар бізге жеткізіліп, осы жерде босанады, - деп қосты Серікбол Куркумбаев.


Следующая →