Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде баланы ит талады деген ақпарат – жалған

Бүгін әлеуметтік желі мен мессенджерлерде ЖМК ауданында қаңғыған иттер баланы талады деген ақпарат тарады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде баланы ит талады деген ақпарат – жалған

Куәгердің аудиосымен бірге бірнеше фотосуреттер де бар. Ондағы суреттердің бірінен ЖМК ауданындағы көшелердің бірі екенін аңғаруға болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мектептен қайтқан баланы парк ішінде мына ит жеп жатыр. Арашалауға барған менің өзімді де қауып алды. Әкімшілік неге қарамайды, неге жұмыс істемейді? - дейді аудиодағы әйел даусы.

Ақпаратты ала сала, облыстық Денсаулық сақтау басқармасына хабарластық. Ондағылар бұл оқиғаның Алматы қаласында орын алғанын мәлімдеді. Артынша Өскемен қаласы әкімдігі де әлеуметтік желіде жауап берді.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқиға Алматы қаласында орын алған, - делінген Өскемен қаласы әкімдігінің ресми парақшасында.

imgonline-com-ua-Resize-NpDmsdVsT6Fg9t.jpg

Бірақ тараған ақпаратта ЖМК ауданындағы қаңғыған иттердің суреті де жүр. Демек ақпаратты таратқандар осы жантүршігерлік оқиғаны желеу етіп, ЖМК-дағы иттерге әкімшіліктің назарын аудармақ болса керек. Өкінішке қарай, бұл тек бір ауданда, тіпті, бір қалада емес, қаңғыған иттер проблемасы бүкіл елдегі шешімін таппай келе жатқан мәселе.

Следующая →