Журналистерге жауап бермейтін мемқызметшілер жауапқа тартылады
Сондай-ақ, журналистердің сауалхатына жауап беру мерзімі де қасқармақ
Бұл туралы өңірлік мерзімді басылымдар форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты.
Енді журналистің сауалына міндетті түрде жауап беріледі. Жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады. Сонымен қатар, жауап бермейтін мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылады. Мұның барлығы журналистің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында жасалып отыр, – деді Дархан Қыдырәлі.