Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласында 23 тұрғын үй заңсыз салынуда

ШҚО әкімі "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңды өрескел бұзып, құрылыс жүргізу барысында брондау жасап, қаражатын алып келген мердігер компаниялардың басшыларымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен қаласында  23 тұрғын үй заңсыз салынуда
Фото:
ШҚО Ақпараттық коммуникациялар қызметінен

Құрылыс компаниялары үйді тұрғызбай жатып сатып жіберуге әуес екені белгілі. Осы тұста, көптеген құрылыс компаниялары брондау механизмін енгізіп алғанын көріп отырмыз. Яғни, сатып алушыға үй бағасының бір бөлігін төлеп, үйді брондап қоюға, артынан салып біткеннен кейін көбіне танымал ипотекалық бағдарламасымен алуға болатындығын айтып сендіреді. Ал Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы бұл мәміле түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында жоқ, сондықтан оны жарамды деп санауға болмайтынын жеткізді. Бүгінгі таңда Өскемен қаласында көп жағдайда үлестік қатысу емес, брондау келісімі ұсынылып отыр.

Кездесу барысында шаһарда бой көтеріп жатқан 48 тұрғын үйдің 23-сі заңсыз әрекеттерге жол бергені жайлы Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқарамасының басшысы Инна Валл айтып өтті.

Құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешенінің пәтерлерін әлеуметтік желі немесе сату бөлімдері арқылы жарнамалап, брондау арқылы адамдардың қаражатын алып, соның есебінен құрылысты жалғастырып жатқаны белгілі болды. Және кейбір компаниялар тоғыз қабатты үйдегі пәтерлерді сататынын, алдын ала адамдар қаражат құйып, брондап, бірақ компания тек бес қабатты үйдің құрылысына рұқсат алған жағдайларда бар. Егер жоба түзетілмей, өзгеріссіз қалса тек 5 қабатты тұрғын үйге рұқсат берген босла, қалған төрт жоғарғы қабаттағы пәтерлерді «брондағандардың» жағдайы не болмақ. Ал брондаудың ешқандай заңды күші жоқ, - деді Инна Валл.

Өз кезегінде өңір басшысы сол 23 құрылыс компанияларының басшыларына аз уақыт ішінде қателіктерін түзетіп, қатаң ескерту жасап, құжаттарын ретке келтіріп, барлық заңбұзушылықтарды түзетуін тапсырып, Өскемен қаласының әкімінің атына жазбаша түрде орындалу мерзімін көрсету керектігін атап өтті.

Сіздердің бұл әрекеттеріңіз заңға қайшы. Салынып жатқан тұрғын үйлеріңіз уақытында аяқталмаған жағдайда, үлескерлер компанияға яғни сіздерге емес, олар осы әкімдікке келеді. Ең бастысы үлескерлердің ақшасын заңсыз алуды тоқтатыңыздар. Кемшіліктерді аз уақыт ішінде түзетіңіздер. Салынып жатқан тұрғын үйлеріңіз заң талаптарына сай болсын, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, өңір басшысы Өскемен қаласының әкіміне және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқарамасының басшысы Инна Валл бұл мәселені жіті назарда ұстауға тапсырды. Ал өз кезегінде кемшілігі бар 23 компания бір айдың ішінде барлық жұмыстарын "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңның талаптарына сай жүзеге асырып, қателіктерін түзетпек. Жиынға қатысқан құқық қорғау органдарыда құрылыс компанияларының әс-әрекетін жіті бақылымақ.

Ал құрылыс компаниялары бірыңғай оператордың кепілдігін алып, Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысқан және көп қабатты үйдің қаңқасы салынғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын ала алады.


Следующая →