Риддер ЖЭО-ны жаңғырту бойынша жаңа инвестордың қандай жоспары бар?
Авариялық станцияны жылу энергетикасында тәжірибесі мол инвесторлар сатып алды
Команданы ЖЭО жұмысымен жақсы таныс тәжірибелі маман Құралбек Әбдірахманов басқарады. Компания Қарағанды мен Астанада жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мәміле сомасы коммерциялық құпия болып табылады. Әзірге, жаңа инвестор жұмысқа кірісіп қойғаны және қазір Риддер ЖЭО-да жүргені белгілі.
Облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың айтуынша, меншік иесі компанияларды электр энергиясын өндіретін турбиналарды жөндеуге шақырған. Көмір беру трактін жөндеу жалғасуда, бүгін түнде желімдеу жұмыстары аяқталады, содан кейін іске қосу-реттеу процесі басталады. Ертең станцияға әдеттегідей көмір беруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Ержан Нұрбаев атап өткендей, инвестор Риддерде қортқы көмір өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр - бұл өнім бүкіл әлемде және Қазақстанда сұранысқа ие. Оны өндіру кезінде қазандық агрегаттарын жағу үшін қолданылатын газ бөлінеді. Сондай-ақ, қортқы көмір өндірісінде суды жоғары температурада 95 градусқа дейін қыздырады, оны жылу желісінде қолдануға болады. Жаңа меншік иелері "Қазмырыш" кәсіпорнымен де іскерлік әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниетті, олар металлургиялық ЖШС үшін қортқы көмір өндіруге дайын, ал артығы ҚХР-ға экспортталатын болады. Қортқы көмір шығаратын зауыт құрылысының тағы бір артықшылығы - бұл экологиялық компонент, күл үйіндісіне қажеттілік жоқ, өйткені қортқы көмір өндірісінде күл шықпайды деуге болады.
Айта кетейік, инвесторлық компания барлық қажетті төлемдерді жүргізіп, керекті жабдықтарды сатып алып, істелген жұмыстардың ақысын төлеп бастады. Алдағы жылыту маусымын штаттық режимде өткізу жоспарлануда. Ал жазда Риддер ЖЭО-ға толыққанды жаңғырту жүргізіліп, зауыт құрылысы басталады.
Жаңа меншік иесінің бұдан арғы жоспары айқын, оның мұндай жұмыстарды жүргізуде тәжірибесі де, бұл жайлы нақты түсінігі де бар, - деді Ержан Нұрбаев.
Сондай-ақ, инвестор жаңартылған коммуналдық кәсіпорынның болашақ мамандары үшін, жұмысшылар тапшылығы туындамауы үшін тұрғын үй сатып алуға дайын екенін атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы иелер жұмыс күшінен айырылып қалды, ал 2022 жылдың қараша айындағы апаттық жағдай кезінде қажетті 270 қызметкердің орнына ЖЭО-да небары 100 шақты адам жұмыс істеді. Жақын арада инвестор журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізеді және жылу орталығын жаңғырту, оның одан әрі жұмыс істеу жоспарлары туралы түсіндіру үшін халықпен кездеседі .