ШҚО өрт сөндірушілері 17 литр қан тапсырды
ШҚО ТЖД-ның 40-шақты өрт сөндірушісі мен құтқарушысы науқастардың өмірін сақтап қалу үшін қан тапсырды
ТЖ қызметінің мамандары үшін бұл жыл сайынғы дәстүрге айналды деуге болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар қан құюға мұқтаж науқастарға көмектесуге дайын, сондықтан да осындай шаралар жыл сайын өткізіліп тұрады.
Статистикаға сәйкес әрбір үшінші адам өмірінде қан құюды қажет етеді. Өзімнің 450 миллилитр қанымды беру арқылы науқастарға көмектескім келеді және құтқарушылардың осы шараға қатысуы маңызды деп санаймын. Донор – ол өмір сыйлаушы. Акцияға қатыса алатындардың барлығын шақырамыз, - дейді 6-өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Дәурен Сүйінбаев.
Құтқарушылар арасында кей донорлар бұрыннан келе жатса, кейбірі алғаш рет тапсыруда және оған барлық жауапкершілігімен дайындалды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары барлығы 17 литр қан тапсырды.