ШҚО онкологтары әйелдерге тегін қабылдау жүргізеді
Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін облыста ашық есік күні өткізілмек
Ашық есік 28 қаңтар күні ШҚО Көпбейінді онкология және хирургия орталығында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі медициналық мекеменің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Дәрігерлер сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.
Кез келген тұрғын орталықтың жетекші мамандарына қаралып, кеңес ала алады. Көрсеткіштерге байанысты УДЗ, МРТ және цитологиялық зерттеу(ПАП-тест) алу мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1-корпус (консультативтік-диагностикалық ғимарат). Толық ақпаратты +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлері арқылы біле аласыздар.