Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Боранды күні жолға шыққан ШҚО тұрғынына 72 мың теңге айыппұл салынған

Биыл қолайсыз ауа райында жолға шығып кеткендерге айыппұл салынады бастады

Усть-Каменогорск и ВКО / Боранды күні жолға шыққан ШҚО тұрғынына 72 мың теңге айыппұл салынған
Фото:
редакция мұрағатынан

ШҚО-да қыс басталғалы ауа райы құбылмалы болып тұр. Қалың қар мен қатты боран салдарынан ауылдардың арасындағы жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бірақ тәртіп сақшыларының ескертуіне қарамастан, өмірлерін қауіпке тігіп жолға шығып кететіндер бар. Олар осы үшін жауапқа тартылады.

Мәселен, өткен аптада Зайсан ауданының тұрғыны заңға бағынбағаны үшін айыппұл арқалады.

Зайсан ауданының 39 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, Toyota Avalon автокөлігімен ауа райы жағдайына байланысты жабылған Омбы – Майқапшағай республикалық маңызы бар тасжолына шығып кеткен, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Жүргізушінің бұл әрекеті полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Ол 16 қаңтарда Зайсан аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-ның 667-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Процесс барысында жүргізуші өз кінәсін мойындаған. Баптың санкциясына сәйкес, барлық жағдайларды ескере отырып, тәртіп бұзушыға 21 АЕК мөлшерінде (72450 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.


Следующая →