Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да мал дәрігерлері жетіспейді

Қазір ауыл-аймақта жүрген мал дәрігерлерінің біразы зейнет жасында. Оларды алмастыратын жастар жоқ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да мал дәрігерлері жетіспейді
Фото:
редакция мұрағатынан

Өңірде ветеринария мамандығы бойынша 135 түлек жоғары және орта оқу орындарын бітіреді екен. Десе де, солардың 50-ге жетер-жетпесі ғана ауылдарға жұмыс істеуге барады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір облыстың ветеринария саласындағы барлық жұмыс орындарының 80 пайызында маман бар. Ал оның 30 пайызы зейнет жасында немесе зейнеткерлікке таяп қалған.

Өткен жылы маман тапшылығы мәселесін шешу үшін мал дәрігерінің жалақысы 60 мыңнан 130 мың теңгеге көтерілді. Биыл Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, ветеринарлардың айлығын тағы 35 пайызға дейін арттыру жоспарлануда, - дейді басқарма басшысы Рамиль Сағандықов.

Оның айтуынша, осы салаға жастарды тарту мақсатында ветеринариялық оқу орындарының студенттері мен түлектері үшін ашық есік күндері, бос орындар жәрмеңкесі жиі өткізілуде. Студенттердің агроөнеркәсіп кешенінің жетекші ұйымдарының басшыларымен кездесуі де ұйымдастырылған.

Алайда бұрын мал дәрігері болып жұмыс істеген зейнеткердің айтуынша, жастарды тарту үшін алдымен еңбекақыны көтеру керектігін айтады.

Бұл саланың қызығынан қиындығы мол. Жылы жерде отырып істейтін жұмыс емес, ауыл аралап кетесің қысы-жазы. Оның үстіне айлығы аз. Сондықтан жастар барғысы келмейді. Қанша жерден маман даярласақ та, еңбекақыны көтермей мәселе шешілмейді, - дейді Болатбек Төлеуұлы.

Следующая →