Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Танымал дирижер ШҚО қазақ ұлт аспаптары оркестрінің шеберлігін шыңдады

Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры Дәурен Ғылымов Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестріне шеберлік сағаттарын өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Танымал дирижер ШҚО қазақ ұлт аспаптары оркестрінің шеберлігін шыңдады
Фото:
автордікі

Бір апта бойы танымал дирижерден дәріс алған оркестрдің репертуары жаңа туындылармен толықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кетейік, өнер ұжымының кәсіби деңгейін көтеру мақсатында былтыр Дәурен Ғылымовпен осындай келісім жасалған. Дәурен Жаңашұлы - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, Қазақстандағы ЮНЕСКО жанындағы мәдениет және дәстүр қауымдастығының өкілі.

Қаңтар айының 17-20 күндері аралығында Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, "Алтай" фольклорлы - этнографиялық ансамблі және “Ертіс концерт” солистерінің қатысуымен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері Дәурен Ғылымовтың шеберлік сыныбы өтті, - дейді ШҚО Байжігіт атындағы ұлттық аспастар оркестірінің дирижері Шалқар Рысханов. - Республикаға танымал өнер майталманымен тәжірибе алмасу бізге маңызды. 2021 жылдан бері осы тәжрибе тұрақты түрде енгізіліп, Дәурен Жаңашұлымен жұмыс жасап келеміз. Бұл «Ертіс концерт» мекемесінің бастамасымен, облыстық мәдениет басқармасының қолауымен оркестрдің шеберлік деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу және репертуар толықтыру мақсатында қолға алынды. Әр келген сайын 10-15 жаңа шығарма алып келіп, үйретеді.

Естеріңізге сала кетейік, облыстағы ұлттық аспастар оркестрінің негізі 2001 жылы қаланған. Кейін 2014 жылы "Ертіс концерт" мекемесінің оркестріне күйші Байжігіт бабамыздың есімі берілді. Қазіргі таңда ұжымда 43 музыкант бар.

ШҚО ұлттық аспаптар оркестріне бір апта бойы шеберлік сағаттарын өткіздім. Бүгін оркестр шағын қорытынды концертін беріп, мүшелеріне сертификаттар табысталады, - дейді профессор Дәурен Ғылымов. - Осымен байланысымыз тоқтамайды. Болашақта үлкен концерт ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Концерттің өз ерекшелігі, жаңалығы болады. Классика, дәстүрлі ән-күймен қоса заманауи ерекше аспаптарды да қоспақпыз бағдарламаға.

Дирижердің сөзіне сүйенсек, облыстық ұлттық аспаптар оркестрі болашақта шетелге шығуды да жоспарлап отырған көрінеді.

Басқа облыстардың ұжымдарында да осындай шеберлік сағаттарын өткіземін. Концерттік бағдарламаларды ұйымдастырып, өнер ұжымдарын шетелге алып барамын. 17 жыл уақыт ішінде Гонконг, Франция, Италия, Үндістан сынды 15 шақты мемлекетке шықтық. Қазіргі таңда "Ертіс концерт" ұжымы облыстың аудандары мен ауылдарына шығып концерт беріп қайтқан екен. Енді осындай гастрөлдік сапарларды республика бойынша жалғастырмақ. Болашақта шетелдік фестивальдарға баруды да жоспарлап отыр, - дейді Дәурен Жаңашұлы.

Осы тұрғыда облыс әкімшілігі қолдау білдіріп, қазіргі таңда қаражат жағы қарастырылып жатқан көрінеді.

Бүкіл Қазақстан бойынша әр облыста ұлттық аспаптар оркестрі бір-бір ұжымнан. Тек Атырауда ғана екеу. Өйткені оркестр құрып, оны сақтап қалудың өзіндік қиындықтары бар. Жалақысы аз болғандықтан, маман тұрақтамайды. Бірақ Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі өнерпаздарға барынша қолдау білдіріп, жағдай жасап жатқанын көріп отырмыз, - дейді Дәурен Ғылымов.

Профессор дені жастардан тұратын Байжігіт атындағы ұлт аспаптары оркестірінің қысқа уақытта техникалық жағынан күрделі, шеберлікті талап ететін шығармаларды емін-еркін меңгеріп кететін ерекшелігін атап өтті.


Следующая →