Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 10 тасымалданатын мотопомпа сатып алынбақ

Өскеменде көктемгі су тасқынына дайындық бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 10 тасымалданатын мотопомпа сатып алынбақ
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша Ахмер ауылында Сейфуллин көшесінде науа арығы төселді, Омаров көшесінде арықты тереңдету және тазарту жүргізілді, осыған ұқсас жұмыстар Шмелев Лог кентінде, "Металлург-3" бақша қоғамының және 28 тұрғын ауданы аумағында аяқталды.


ЖМК, Аблакетка, Промбаза, Согра, Куленов, Жыланды, Защита, Нефтебаза, Прохладная шағын аудандарында, Ахмер ауылында, Шығыс, Прудхоз кенттерінде арықтарды, сондай-ақ Жуковский, Шешек, Бражинский жылғаларының арналарын тазарту жүргізілді, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. - Қазіргі уақытта қала аумағындағы өзендер мен жылғалардың жағдайы тұрақты.

Безымянный (тау шаңғысы базасының ауданында) және Безымянный ключ (Бобровская трасса ауданында трасса арқылы 10 құбырда) жылғаларында мұз пайда бола бастады, толып кету қаупі жоқ. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша "Таза Өскемен" МКК күштері және техникасымен мұзды ыстық сумен шаю туралы шешім қабылданды.


Су тасқынына қарсы кезеңге барлығы 75 бірлік арнайы техника, жеке құрамның 120 адамы, 4 тіркеме және 20 тасымалданатын мотопомпалар дайындалды, жақын арада тағы 10 тасымалданатын мотопомпаны сатып алу жоспарлануда, - делінген ақпаратта. - Инертті материалдар, ЖЖМ және қапшықтар дайындалуда, қазірдің өзінде 5000 қап, 400 тонна құм, 70 тонна ЖЖМ дайындалды, келісімшарттар жасау жалғасуда.

Сонымен қатар, құтқарушылар халыққа үй маңындағы аумақтарды қардан уақтылы тазартуды, арықтар мен жылғалардың арналарына қоқыс тастамауды ескертеді.

Следующая →