Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қате төлеп қойсаңыз, қалай қайтаруға болады?

Төлем аудары барысында қате кетіп қалса, оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы қайтарып алуға болады

Усть-Каменогорск и ВКО / Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қате төлеп қойсаңыз, қалай қайтаруға болады?

Бұған дейін әлеуметтік-медицииналық сақтандыру бойынша дербес төлеушілер үшін өте ыңғайлы әрі тиімді тетік – бір жылға алдын ала сақтандыру туралы көптеген мағлұмат берген болатынбыз, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Егер 12 айға төлемдер әр түрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өңделгеннен кейін ғана беріледі. Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, БЖТ төлемі ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді. Алдағы кезеңдер үшін қатарынан 12 айға төлем қажет.

Егер сіз БЖТ-ны қате төлеген болсаңыз, онда төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға жүгіну арқылы қайтарып ала аласыз. Егер төлем ағымдағы айдың соңында (27-28-ден кейін) жүргізілсе, онда төлемдерді тексеру келесі айда жүргізілуі мүмкін, яғни сақтандыру мәртебесі берілмейді және пациентке келесі жылдың тағы бір айы үшін қосымша ақы төлеу қажет.

Егер төлем келесі 12 айға емес, 11 ай үшін жасалса, онда мәртебе берілмейді️ . Егер төлем 2022 жылы 2022 жылдың (3000 теңге) сомасы бойынша бір жыл бұрын жүргізілсе, онда қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. 2023 жылы төлемдер сол жылға бекітілген сомалар бойынша ай сайын 3500-ден жасалуы керек, - деп түсіндірді ШҚО ӘМСҚ филиалы Халықты ақпараттандыру бөлімі жетекшісі Салтанат Адамова.

Следующая →